Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21532125
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8141 8765 16906 21255117 27297 430355 21532125 Сіздің IP: 216.73.216.102
Уақыт: 2026-03-03 16:19:20
|
Жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық Слеті
2019 жылдың 17 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өтті. Слетке аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 10 адамнан жасақталған командалар қатысты. Жас инспекторлар жол ережесін білу, жол-көлік апаттарында алғашқы көмек көрсету, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік бойынша білімдерін көрсете білді. Конкурстың басты талабы командалардың киім кию үлгісі және барлық қатысушылар тиісті атрибутикаларын дайындады, сайыскерлер салтанатты киімдерін киді. Сайыстың «Сап түзеу» кезеңінде барлық қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете біліп, әрбір отряд сап түзеу дайындықтарын ұсынды. Сонымен қатар сайыста «Велосипедті мәнерлеп сырғанау» кезеңінде қатысушылар спорттық дайындықтарын да ортаға салды. «Жол жүру ережелерін білгірлері» және «Жас жол реттеушілері» кезеңінде жас инспекторлар жол жүру ережелері бойынша білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар сайыс шеңберінде «Эрудиттер турнирі» өтті. «Жас санитар» атты кезең сайыстың ең қызық тапсырмасы болды. Бұл жерде сайыскерлер ойын арқылы әр-түрлі жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетті. Конкурстың қортындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Ертіс ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Олар жол көлік қозғалысы жас инспекторларының республикалық сайысына жолдама алды. Павлодар ауданының командасы екінші орында, ал Май ауданының командасы үшінші орынға жайғасты. |














