Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16415310
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9179 20398 67286 16078164 95988 460667 16415310 Ваш IP: 3.143.214.78
Время: 2025-02-07 17:43:30
|
«Қаламгер» студиясы «Наурыз fest» жобасы шеңберінде өткен Амал мерекесіне қатысты
14 наурыз күні «Достық» үйінде Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Нұр ана Әлемі» бірлестігінің бастамасымен Наурыз fest» жобасы шеңберінде Амал мерекесі өтті. Аталмыш мерекеге Оқушылар сарайынан «Қаламгер» жас тілшілер студиясы және «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі қатысты. «Қаламгер» тілшілері Наурыз мерекесінің нышандарын біліп, ата-аналарымен Наурыз көже дайындап, кесте тігіп, кәдесыйлар таратты. Ақ дастархан басында ұлттық тағадардан дәм ұсынып, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс дайындады. - 14-22 наурыз аралығында ата-бабаларымыздан қалған дәстүрді жаңғырту арқылы жас ұрпаққа үлгі көрсету мақсатында әр күнді ерекше өткізуді жөн көрдік. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастап, бүкіл ауыл-ел болып, тазаланған арықтарға су жіберген. Осындай керемет дәстүрлерімізді жас буынға көрсеттік, – деп өз ойымен бөлісті «Нұр ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Максилова. Мерекелік думанға сонымен қатар № 25 ЖОББ мектебінің оқушылары және жастар бастамаларын дамыту орталығының жастары қатысты. «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің жас күйшілері мерекеге жиналған қауымға «Балбырауын» күйін сыйлады. |