Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

15749443
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
18940
15540
18940
15471449
403806
367126
15749443

Ваш IP: 18.226.165.234
Время: 2024-12-23 23:26:27

Латын графикасына көшудің тиімділігі

Латын графикасына көшудің тиімділігі Латын графикасына көшудің тиімділігі
Латын графикасына көшудің тиімділігі Латын графикасына көшудің тиімділігі

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Латын графикасына көшудің тиімділігі» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Даулет Темірбай Айдарбекұлы қатысты. Баяндамашы біздің аймақта осы салада жасалып жатқан іс-шараларға тоқтады, латын әліпбиіне көшудегі халықаралық тәжірибеге, әлемде латын әліпбиінің таралуына назар аударды.

Жалпы қазақ тілінің әліпбиі латын графикасына кезең-кезеңімен көшетін болады. Осы орайда Елбасы Үкіметке қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құру, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және заңнамалық сипаттағы өзге де шаралар қабылдау туралы нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қазақ тілінің латын графикасында жазу емле ережелері мен орфографиялық сөздіктер әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы орайда латын графикасындағы қазақ әліпбиінің емле ережелерін дайындау кезінде сәйкессіздіктер туындап жатқан жағдайда әліпбиге өзгеріс енгізілуі де мүмкін. Кездесуде қазақ тілі үйірмелерінің тәрбиеленушілері алған ақпараттар бойынша сауалдар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген жаңа әліпбиі бойынша оқушылар мәтіндер оқыды. Сонымен қатар оқушылар латын графикасына сүйеніп жасалған лото ойнына белсенді қатысты. Бұл сайыстар балалар үшін көп қиындық туғызған жоқ, себебі олар ағылшын тілін үйренгенде,бұл әріптермен танысқан болатын. Қазақ тілі үйірмелерінде қосымша білім беру педагогтері Сайран Ахантаева және Әсима Оспанкулова сабақ барысында тәрбиеленушілерді латын әліпбиімен таныстырып, әртүрлі шығармашылық сайыстар өткізеді.

Оқушылар ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқып, өзара жарысқа түсті. Кездесу өте пайдалы, ақпаратқа мол болды. Жалпы кездесуге 25 оқушы қатысты.

Добавить комментарий