Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16413751
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7620 20398 65727 16078164 94429 460667 16413751 Ваш IP: 3.131.37.220
Время: 2025-02-07 15:52:53
|
Зор болашағы бар кішкентай өнертапқыштар
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Павлодар қаласының мектеп көшбасшылар комитетінің бастамасымен «Мои маленькие изобретения» атты қалалық көшбасшылар жобаларының финалы өтті.
Аталмыш жоба бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және модельдеу туралы білімдерін толықтыруға бағытталыған. Байқаудың финалына іріктеу кезеңінің 23 жеңімпаздары қатысты. Бұл дода Павлодар қаласының №№ 6, 13, 9, 14, 22, 25, 28 ЖОМ-де өткен болатын. Финалға шыққан барлық үміткерлерді ата-аналары, сыныптастары мен аға тәлімгерлері қолдау көрсетті. Финалдық кезеңнің қатысушылары 30 минут ішінде еркін тақырыпқа «Lego» конструкторынан жұмыстар жасады. Қатысушылар сайыстың қорғау бөліміне дайындаған кезде көшбасшы-ұйымдастырушылар және ересектерде қатысты. Өз жұмыстарын қорғаған кезде балалар конструкторларының бірізділіктерін айтып өтті. Қазылар алқасы («Жасыл ел» қалалық штабының командирі Уахит Абай, интер-дизайн-клубтың директоры Галина Афанасьева) жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынға № 13 ЖОМ-тің оқушылары Юрий Беккер және №14 ЖОМ-тің оқушысы Елизар Новосёлов лайықты болды. Екінші орынды № 14 мектептің оқушысы Руслан Никитин және № 25 мектептің оқушысы Әмірәлі Тоқтар, № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Расул Нигмат және №13 мектептің оқушысы Георгий Генералов бөліп алды. 3 орын үшін мақтау қағаздарымен Алихан Танат (№ 22 мектеп), Арсентий Дроздов (№ 6 мектеп), Никита Кузьмицкий (№ 28 мектеп), Анастасия Симоненко (№ 9 мектеп-гимназиясы) марапатталды. Басқа да қатысқан оқушылар номинациялар бойынша дипломдарға ие болды. Бұл жобаны мектеп комитетінің келесі ұланбасылары ойлап тауып іске асырған болатын. Олар: Никита Яковлев (№ 9 меткп-гимназиясы), Айым Гайноллинова және Али Сарсебек (№ 22 мектеп), Руслан Леликов (№ 15 мектеп), Карина Файрузова (№ 13 мектеп), Жанар Егизбаева (№ 14 мектеп), Милена Блинникова (№ 21 мектеп) және Оқушылар сарайының көшбасшы клубының белсенділері. |