Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

22021174
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9609
10438
50454
21743944
173105
343241
22021174

Сіздің IP: 216.73.216.96
Уақыт: 2026-04-17 21:16:06

Сахына төрінде...

Снова в нашем зале… Снова в нашем зале…
Снова в нашем зале… Снова в нашем зале…

Көңілді және тапқырлар сонымен қатар зияткер болады. 13 сәуір күні облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының жасұландықтары бұл қабілеттерін сахына төрінде дәлелдеп бере алды. Бұл жерде КВН-нің «Жайдарлы Жас Ұлан» финалдық кезеңі өтті. Аталмыш конкурста қатысушылар мен көрермендер ойын арқылы зияткерлік қарым-қатынаста болды. Бұл ойынға Павлодар ауданы, Май, Екібастұз, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының мектептері қатысты. Мектеп тақырыбына арналған КВН ойынына 16 команда немесе 119 қатысушы қатысқан еді.

Он алты команданың ішінен финалға жеті команда өткен болатын. Финалға жеткендердің ішінен ең көбі Павлодар ауданынан болды. Олар Розовка мектебінен «USB» деген қызық атауы бар команда, Красноармейка мектебінен «G7» командасы, № 1 Чернорецк мектебінің «Әзілкеш» командасы және Занғар мектебінің «Название потом придумаем» командалары қатысты. Ал Павлодар қаласынан №31 мектептен «Асса» командасы және № 26 мектептің «Титаник» командалары бақтарын сынады. Барлық командалар тапқыр және көңілді болды, ал «Жайдарлы Жас Ұлан» кубогі Павлодар ауданы Красноармейка мектебіне аттанды.

Түсініктемелер қосу