Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21533944
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9960 8765 18725 21255117 29116 430355 21533944 Сіздің IP: 216.73.216.102
Уақыт: 2026-03-03 19:12:06
|
Педагог – психолог жұмысындағы жаңашылдық
12 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Білім беруді ұйымдастырудағы психологиялық қызмет: инновация және практикалық қолдану тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға Павлодар және Ақсу қалаларының мектеп және балабақшаларының психологтары, Лебяжі, Май және Ертіс аудандарынан қатысушылар болды. Конференцияда ЖОО-ның оқытушылары және іріктеу кезеңінің қала және облыстан келген психологтар қатысты. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының оқытушысы, PHD докторы Гульнара Топанова Туяковна балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы саласындағы отандық және шетелдік мамандардың проблемалары туралы әңгімелеп берді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің практикалық психология орталығының директоры, психология кафедрасының доценті, психология ғылымының кандидаты Ольга Колюхтың баяндамасынан тыңдаушылар психологиялық білімнің жаңа үрдістері туралы және өзекті мәселелерді біліп алды. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің өзекті сұрақтары бойынша кәсіби диалог болды. Психологтардың жұмысындағы ата-ана мен педагогтардың жұмыс жасауындағы жаңаша формалар сөз етілді. Конференциядағы баяндамалар жасөспірімдердің ауызша агрессия және дарынды баланың жеке басын дамыту технологияларына ерекше назар аударылды. Конференция аясында психологтар өткізген бірегей әдістер мен инновациялық технологиялар бойынша шеберлік-сыныптар ерекше сұранысқа ие болды. Психологтар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жыл сайын осындай ғылыми-практикалық конференцияларды өткізіп отыруға тілек білдірді. |














