Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24692292
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 20936 21605 20936 24448750 100405 375807 24692292 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 18:42:54
|
«Тарихқа жүрекпен ұмтылу...» атты облыстық жобасының қортындысы анықталды
2018 жылдың 1 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Тарихқа жүрекпен ұмтылу...» атты облыстық жобасының финалдық кезеңі өтті. Конкурс қатысушылары Павлодар облысынан шыққан ҰОС ардагерлері жайлы бейне роликтер жасады. Өз бейнероликтерін жасау барысында балалар мұражай және отбасылық мұрағаттарды зерттеп, ҰОС –на арналған шығармаларды тауып, ардагерлермен кездесіп, олардың естеліктерін таспаға жазып алды. Конкурсқа 43 жұмыс жіберілді, оның ішінде 15 жұмыс фиалға шықты. Олар: Ақсу, Павлодар қалаларынан және Баянауыл, Қашыр, Лебяжі аудандарынан қатысушылар болды. Жоба қортындысы бойынша бірінші орынды Ақсу қаласының № 8 мектебі, екінші орынды – Лебяжі ЖОМ, үшінші орынды Павлодар қаласының №9 мектеп гимназиясы иеленді. Ақсу қаласының Шүлембаев атындағы мектебі, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектебі, Қашыр ауданы Трофимовка мектебі, №9 ЖОМГ-ның оқушысы Яковлев Никита, № 13 ЖОМ-нің оқушысы Файрузова Карина байқаудың лауреаттары атанды. Байқаудың қазылар алқасы Г.Н.Потанин атындағы тарих - өлкетану мұражайының бас маманы Жумартова Алия Зарлыковна, Г.Н.Потанин атындағы тарих - өлкетану мұражайының жетекшісі Тыштыков Рустам Нажмиденович, Павлодар қаласының №41 ЖОМ-нің тарих пәнінің ұстазы Туртугулова Гуляим Сагантаевна бұл байқауға қатысушылар өте жақсы дайындалып, өз материалдарын ұсынған кезде үлкен шығармашылықтарын атап өтті. - Біздің өскелең ұрпақ, өздерінің тарихына, ата-бабаларымен, Ұлы отан соғысы туралы барлық жүректерімен ұмтылып айтып отырды, бұл қуантатын жағдай, - деп өз ойымен бөлісті жобаның жетекшісі Бахыт Беккожина. |














