Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15983105
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9175 5464 30638 15648833 124450 513018 15983105 Ваш IP: 3.144.16.40
Время: 2025-01-08 21:23:14
|
«Менің жанұям – менің Отаным» атты облыстық жобасының жеңімпаздары анықталды
Оқушылар сарайында әр елдің ұлттық ән және биімен «Менің жанұям – менің Отаным» атты облыстық балалар шығармашылық жобасының финалы ұлттық нақышта өтті. Аталмыш конкурста жалпы білім беру мектептерінен, балалар шығармашылық бірлестіктерінен, қосымша білім беру ұйымдарынан әр түрлі жас ерекшелік командалардан құралған балалар мен жасөспірімдер қатысты. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша және облысымыздың 80-жылдық мерейтойына арналды. Бұл жоба ұлттық сәйкестікті дамытып және жас ұрпақтың рухани өмірін дамытуға бағытталып 2017 жылдың қараша айында іске қосылды. Конкурстың қашық кезеңі нәтижесінде 8 финалист анықталды. 17 қаңтар күні Оқушылар сарайында финалист-командалар кездесіп төрт шығармашылық конкурста бақтарын сынады. Бірінші конкурста балалар әртістік қабілеттерін көрсетсе, екінші кезеңде – шығармашылық қабілеттерін паш етіп, үшінші кезеңде әр елдің салт-дәстүрлерін көрсетті. Төртінші конкурс – қатысушылардың адамгершілік қасиеттерін көрсететін «Үміт сәулесі» атты қайырымдылық акциясына жалғасты. Командалар өздерінің мейірімді істері туралы баяндап берді. - Павлодар қаласы №3 дарынды балаларға арналған оқушылардың акциясы шын жүректен болды, - дейді фестиваль көрермені, Оқушылар сарайы әдістемелік кітапханасының меңгерушісі Татьяна Суворова, - мұқтаж адамдарға жан жылуын сыйлап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтары өте керемет болды. Фестиваль қортындысы бойынша Павлодар ауданы Шақат мектебінің «Ұлағат» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектептің «Жомарт жүрек» командасы қол жеткізді. Төрт конкурстың қортындысы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің «Жалын» командасына үшінші орын бұйырды. |