Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24591886
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 16784 20795 65200 24318214 375806 527623 24591886 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 23:59:52
|
«Күйзеліс, кел сөйлесейік» атты акциясы өтті
2017 жылыдың сәуір айында Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы және Павлодар облысы Салауатты өмір салтын қолдау орталығымен бірлесіп Халықаралық Денсаулық күніне байланысты «Күйзеліс, кел сөйлесейік» атты акция ұйымдастырған болатын. Аталмыш іс-шара «Мен – елімнің азаматымын» атты мега жобасы аясында өткен болатын Павлодар қаласының № №1, 3, 4, 7, 10, 13, 15, 22, 25, 35, 37, Жас Дарын мектебінің оқушылары және Оқушылар сарайының студиялары мен клубтарының тәрбиеленушілері бұл күнге Сарайға арнайы келген психолог мамандармен кездескен еді. Облыстық психоневрологиялық диспансерінің психотерапевт дәрігері Елена Миронова оқушыларға күйзеліс кезінде не істеу керек, оның алдын-алу жолдары туралы ақпар берді. Оқушылар дәрігердің кеңесін тыңдап, сол орталықтың тәулікбойы шұғыл телефон нөмірлерін жазып алды. Содан соң Павлодар қаласы №2 емхана психологы Фариза Айдарханова оқушылармен «Кел, танысайық» атты қызықты тренинг өткізген болатын. Қаламыздың әр-түрлі мектептерінен келген оқушылар бір-бірімен танысып, аз уақыт ішінде ойын арқылы достасып үлгерді. Салауатты өмір салтын қолдау орталығының маманы Гүлнұр Жусупова «Бірінші байлық- денсаулық» атты тренингін өткізіп, жасөспірім балаларға өмірде басты құндылық денсаулық екенің дәлелдеп, ашық сұхбатқа келді. Халықаралық Денсаулық күніне байланысты іс-шараға қаламыздан 38 адам қатысқан болатын. |














