Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15757182
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6940 19739 26679 15471449 411545 367126 15757182 Ваш IP: 3.147.82.108
Время: 2024-12-24 17:16:18
|
Оқушылар сарайының педагогтары Успен ауданының оқушыларына сабақ жүргізді
Облыстық Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2017 жылы наурыз айының 30-күні Оқушылар сарайының балалар бұқаралық қозғалысының дамыту бөлімінің бір топ педагогтары Успен ауданының №2 ЖОМ-не «Көшбасшының тиімділік шеберханасы» атты балалар белсенді мектебімен іс-сапарға барып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты болып балалар белсенділеріне, көшбасшыларға, ұланбасыларға, аға тәлімгерлерге, сынып жетекшілеріне, психологтармен балалар жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілеріне әдістемелік көмек көрсету болды. Облыстық салауатты өмір салтын қорғау орталығының дәрігері Сәкенов Каппас Кәрімұлы «Туберкулездің алдын-алу» туралы сөз бастады. Успен ауданының педагогтарына педагогикалық ақыл-кеңестерін бөлім меңгерушісі О. Петрович және әдіскер В. Даирбаева берді. Оқушыларды мамандықтар әлеміне баураған педагог А. Оразбаева болды. Балалардың құқықтары жайлы қызықты шеберлік-сыныпты әдіскер Д. Жаканова өз тәрбиеленушісі А.Абельдиновамен бірігіп өткізді. Педагог-ұйымдастырушы Б. Сагынтаевна өз оқушысы М. Блинниковамен «Елім менің» атты керемет танымдық ойын өткізді. М. Ишмухаметова және оның тәрбиеленушісі А. Корякина орыс тілінде тимбилдинг ойынын өткізді. «Менің елім» атты шеберлік-сыныпты А. Оразбаева жүргізсе, Е. Павленко оқушыларды би әлеміне баурап, «Заманауи бидің негізі» атты шеберлік – сабақ өткізді. Балалар белсенді мектебіне бұл күні 58 оқушы, 28 педагог қатысты. Әдістемелік мәні бар іс-шара қортындысында әдемі биден дайындалған флеш-мобқа ұласты. |