Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22896060
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6364 4922 57969 22612565 110308 270568 22896060 Ваш IP: 216.73.217.39
Время: 2026-07-12 20:38:21
|
Қаламгерлер жеңісі
Жуырда М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайы «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері «Зияткер» қосымша білім беру республикалық оқыту әдістемелік орталығы өткізген интернет-байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қаламгердің жас тілшісі Өсербай Серікжан журналисттерге арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты байқауында бас жүлдеге қол жеткізді. Серікжан «Қазақ елі тәуелсіз» атты шығармасымен Республика көлемінде 183 қатысушының ішінде бәйгеден озып шықты. Бұл байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, талаантты жастарды қолдау. Сонымен қатар осы орталықтың талантты жас тілшісі Камила Басынбекова «Қазақстан Ұлы дала елі» атты Республикалық интернет байқауында эссе жазудан I орынға ие болды. Камиланың шығармасының тақырыбы «Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел» деп аталды. Аталмыш байқауға жас қаламгер Данагүл Қаббасова да қатысып, сертификатпен марапатталды. Жас тілшілер орталығының жетекшісі Әсем Аипова жүлдегерлерді дайындаған үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Қосымша білім беру республикалық оқыту әдістемелік орталығы» атынан алғыс хатпен марапатталды. |














