Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15099689
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3533 9608 61738 14727551 121178 453407 15099689 Ваш IP: 3.135.217.85
Время: 2024-11-10 06:28:59
|
Оқушылар Сарайының әдіскері Павлодарда республикалық ата-аналар конференциясын өткізді
Павлодар облысының бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, психолог Айжан Оразбаева сұхбат жүргізді. Айжан Жұмағұлқызы «Қазақстанның 21 ғасыр ата-аналары: Өз балаңа үлгі бол» атты жалпыреспубликалық конференциясына қатысты. Аталмыш шара 10 қыркүйек күні Павлодар қаласының №16 орта мектебінің қазақстандық Жанұя күнің тойлау шеңберінде өтті. - Алғаш рет мектеп өміріне бейімделу кезінде әрбір оқушы күйзелістен өтеді, - деп түсіндірді Айжан Жұмағұлқызы, мысалы мектеп баспалдағын алғаш рет басқан кезде бала өте ашушаң, беймаза болады. Сондықтан баланың мектепке барар шағында психология және педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, мектептің ерекшеліктеріне бейімделуге зерттеулерге арнау керек. 2016 жылдың жаз айында Алматы қаласында психология және психотеропия Институтында «Конфликтология. Стресс. Депрессия» тақырыбына арналған курстан өтті. Оқушылар сарайында «Ориентир» кәсіптік бағдар бағытына арналған психологиялық клубтың жетекшісі. - Бұл өткізіліп отырған конференцияның маңызы өте зор, - деп айтты №16 мектеп-лицейінің 1 «б» сынып оқушысының анасы Гаухар Айтмуханова, - өйткені бұл шара менің тәрбиелік мүмкіндіктерімді кеңейтті. Ата-аналар конференциясының өзектілігіне тоқтала кететін болса, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа барушылар саны 350 мыңнан асты. |