Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16384231
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14186 16625 36207 16078164 64909 460667 16384231 Ваш IP: 18.222.97.248
Время: 2025-02-05 21:56:15
|
Демалыс уақытын қызықты өткізу
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» мектепалды лагерінде көптеген танымдық және сауықтыру іс-шаралар өтті. Бірінші маусымда «Барлық ұлдар! Ақымақтар» атты күлкілі театрландырылған премьерасы ерекше әрі қызықты өтті. Спектакль актерлері болып Марина Билаяның басшылығымен 25 тәрбиеленушісі бар «Калейдоскоп» театр студиясы болды. Мектеп оқушылары экскурсиялық-танымдық бағдарламалармен қауышты. «Ақбұлақ» экскурсиясы кезінде балалар Сарайдың жаңартылған экологиялық зертханасын тамашалады. «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» және «Пионерлер қатарынан Жас Ұланға дейін атты» мұражайларға барып, көп жаңалықтармен таныс болды. «Жарық жұлдыз» астрономиялық экскурссиялары кезінде балалар обсерваторияға барып, сәулелі телескоптан күннің көзін тамашалап, планетарияға барып, фильмдерді қарады. Мемлекеттік тілде жүргізілген станциялар әр түрлі бағдарламаларды қамтыды. Оқушылар домбырада ойнап, ұлттық қолданбалы өнермен танысып, «Бәйге» алаңында ойындар ойнап, бастапқы модельдеу өнерімен айналысты. Бұл жылдың жаңалығы болып,тілек және ұсыныстар кітабы еді. Балалармен келген ұстаздар өз тілектерін осы кітапқа қалдырды. - Ұсынған бағдарлама үшін сіздеге үлкен алғыс білдіреміз, - дейді, №5 ЖОМ-нің педагогы Н.Е.Салмина. – Балаларға бұл лагерь қатты ұнайды, олар бар ынталарын білдіріп, ойынға қызығушылықтарын білдіреді. Ал кейбір, балалар Оқушылар сарайының үйірмелеріне жазылуға ниет білдірді. Біз сіздермен одан әрі ынтымақтастықты асыға күтеміз! |