Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19591168
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7191 16568 38980 19264172 235203 378960 19591168 Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-15 11:41:18
|
Махаббат тарихы. Жеңіс тарихы
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-би клубы «Love Story-2016» атты спорттық-балдық ашық би турнирінен 8 алтын медальдарға ие болды. Бұл турнир 21 ақпан күні Семей қаласында Жастар және балалар шығармашылығы сарайында өтті. Аталмыш жарысқа Семей, Павлодар, Риддер және Өскемен қаласынан келген би ұжымдарының басын қосты.
«Анастасия» спорттық-би клубының бапкері Виолетта Никитинаның айтуы бойынша оның тәрбиеленушілері барлық біліктерін көрсетті. Көзге түскен Серікбосын Оспанов – Азиза Бектурова, Ислам Жагупаров – Анастасия Гарифуллиналар болды. Ал Амина Оразғали, Аружан Бопышева, Ясмин Бажаевалар – жоғары деңгейде өз өнерлерін паш етті. Қазіргі таңда «Анастасия» спорттық-би клубы Мәскеу қаласында өтетін турнирге дайындық үстінде. |