Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690960
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19604 21605 19604 24448750 99073 375807 24690960 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:50:15
|
Петропавл қаласынан Блэкпул жеріне
Анастасия Загорулько мен Даниил Макаров Петропавл қаласында өткен Қазақстанның спорттық-балдық би чемпионатында I-ші орынға ие болды. Орындаудың бағдарламасына Ча-ча-ча, Самба, Румба, Джайв, Пасадобль билері енді. Қазақстанның спорттық биден 4-ші дүркін чемпионы Павлодарлық Анастасия Загорулько мен Қазақстанның спорттық биден 7-ші дүркін чемпионы Астаналық Даниил Макаров жұптасып өнер көрсетті. Олар бидің ағылшын мектебін ұсынды. Қазылар алқасы би серіктестерінің шеберлігін жоғары бағалады. Сол себепті бишілер Англия елінде Блэкпулде өтетін балдық биден әлемдік турнирге дайындалады. Анастасия мен Даниил 2 жыл жұп болып билейді, ал бұл турнир оларға үшінші халықаралық байқау болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2015 жылдың 12-13 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында «KAZAKHSTANOPENCUP – 2015» атты спорттық балдық биден 15-ші Халықаралық турнир-фестивалі өтті. Турнирдің ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық би кеңесі, Ұлттық би спортының одағы, Солтүстік-Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы, «Александра» спорттық-би шеберлігінің мектебі болды. Фестивальге Қазақстан және Ресей қалаларынан келген бишілер жиналды. Санкт-Петербург қаласы би Одағының президенті, спорттық-балдық биден Әлем чемпионы Андрей Бущик турнирдің қатысушыларына «Латиноамерикан бағдарламасының жаңалығы» атты шеберлік-сабақ жүргізді. |














