Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15984451
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10521 5464 31984 15648833 125796 513018 15984451 Ваш IP: 3.149.29.190
Время: 2025-01-08 21:33:55
|
«Музыкальный квартал» Алматы қаласында
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Музыкальный квартал» вокал эстрада студиясы және оның жетекшісі Татьяна Ивановна Атлан тамаша жетістіктермен үйге оралды. 2015 жылы 24-27 наурыз аралығында Алматы қаласында «Салют Талантов» Халықаралық жобасының аясында болған, «Манящие лики гор» атты балалар – жасөспірімдер шығармашылығының I Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Осы жобаның құрылтайшысы: «Салют Талантов" СҰ (Санкт-Петербург қ, Ресей). Бұл шығармашылық турнирде 7-ден 18 жас аралығындағы Ақтау, Шымкент, Семей, Майя селосы (Якутия), Қарағанды, Омбы, Петропавл (Ресей) және Өзбекстан және Ресей, Қазақстанның басқа қалаларынан келген қатысушылар болды. Бұл фестиваль вокалдық, хореаграфиялық, театр өнері және өзіндік жанр бойынша 23 номинация бойынша өтті. Балалардың сахналық қойылымдарын кәсіби қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, пианист, педагог Арита Бегеновна Байсакалова, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген әртісі, эстрада әншісі, Қазақконцертінің әншісі Айжан Нұрмагамбетова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада вокалының педагогы Фархат Асылбекұлы Ескинеев кірді. «Музыкальный квартал» студиясының әншілері Алина Кулбаева, Дарья Иванченко және Аружан Қазбекова 7-10 жас аралығында кіші жас ерекшелік категориясында өнер көрсетті. Аиша Арантаева кіші жас ерекшелік категориясында (10 – 13 жас) ән орындады. Қыздар бұл сынақтан да сүрінбей өтті. Сайыстың қорытындысы гала-концертте белгілі болды. Біздің әншілер екі бірінші, екі екінші орынға ие болды. Қазылар алқасының мүшелері Павлодар қаласының командасын ең мықты деп бағалады. Бұндай баға – балалар мен педагогтың еңбекқорлығы және талаптарының басты марапаты болып саналады. Фестиваль шеңберінде өткен қала бойынша шолу экскурсиясында балалар Алматы қаласының көз тартарлық жерлерін, 120-жуық су бұрқақтарды тамашалап, инженерлік құрылымы жағынан ерекше сонымен қатар сейсмикалық тұрақты Вознесенский кафедралық шіркеуін, қаланың ең зәулім ғимараты-телевизиялық мұнарасын, сонымен қатар Алматының көптеген ескерткіштері мен жайлы көшелерін тамашалады. |