Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17970949
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12630 13708 75225 17679126 82387 340041 17970949 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 17:07:45
|
Оқушылар сарайында «Госпожа Микроба Великолепная» атты театрландырылған қойылым өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ақпан айының тақырыптық шаралары кітап оқуға арналды. Бұл ай бойы ұйымдастырылған іс-шаралардың басты мақсаты – балаларға кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, әдебиетке қызығушылығын арттыру және олардың танымдық көкжиегін кеңейту. Осыған орай, кітаппен байланысты түрлі шаралар өткізіліп, балаларға ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шығармалармен танысуға мүмкіндік берілді. Айдың басты шараларының бірі – «Госпожа Микроба Великолепная» атты театрландырылған қойылым болды. Балаларға арналған бұл ерекше қойылым көрермендерді таңғажайып әлемге жетелеп, кейіпкерлердің микробтармен күресін қызықты әрі тәрбиелік мәні зор оқиға ретінде көрсетті. Қойылым тек тамашалауға емес, балалардың белсенді қатысуына мүмкіндік беретін интерактивті форматта өтті, бұл оны одан әрі әсерлі әрі есте қаларлық етті.
|