Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18832529
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4839 16343 40524 18553323 256097 307313 18832529 Сіздің IP: 216.73.216.24
Уақыт: 2025-08-21 09:00:15
|
Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы күні аталып өтті
22 қазан күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының күніне орай "Гүлдене бер, қазақ елі!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл ерекше шараға 400-ден астам мектеп оқушылары, ардагерлер, ұстаздар және қала қонақтары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін атап өту және жас ұрпаққа отансүйгіштік пен ел тарихына деген құрметті насихаттау.
Концерт аясында Оқушылар сарайының көркемөнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтар арасында болған ардагерлер мен ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Концерттік бағдарламада жас өнерпаздар ән айтып, би биледі.
|