Оқушылар сарайы Республика күнің тойлайды
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Дворец школьников отмечает День Республики
|
Дворец школьников отмечает День Республики
|
25 қазанда Еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні тойланады.
25 қазан-Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.
Республика күні аясында Оқушылар сарайында тәрбиеленушілер үшін мерекелік іс-шаралар, қала мектептерінің оқушылары ұстаздары мен ата-аналар үшін мерекелік концерттер өтті.
Эстетика бөлімі «Ұлы дала өркені» атты «Алтын қазына» республикалық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер байқауының облыстық туры жеңімпаздарының жұмыстарын көрмеге ұсынды.
Ғылым және техника бөлімі «Қазақстан балалар көзімен» атты фотоколлаж
облыстық челленджін ұйымдастырды.
Ақсу қаласы, Шарбақты және Тереңкөл аудандарынің оқушылары үшін экскурсиялар ме шеберлік-сабақтар өткізілді.
2022 жылдың 20 қазан күні «Әлем таныған Әуезов» атты ақының 125-жылдығына арналған әдеби-сазды қонақжай өткізілді.
Оқушылар сарайының ең кішкентай тәрбиеленушілері «Қазақстан бойынша саяхат» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.
2022 жылдың 21 қазан күні Оқушылар сарайының педагогтері мен тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның орындады. Осы күні қала мектеп оқушылары үшін «Қазақстаным, баршаға Отанымсың!» атты мерекелік концерт болды.
Түсініктемелер қосу