Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15750613
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 371 19739 20110 15471449 404976 367126 15750613 Ваш IP: 3.137.175.83
Время: 2024-12-24 00:31:01
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Павлодар қаласында өткен алғаш шеруге қатысты
1 Маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні еліміздің түкпір-түкпірінде, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің бастамасымен балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің ауқымды шеру болып өтті. Қаламыздың басты алаңында бұл салтанатты шеруге облыс көлемі бойынша 4500 оқушы қатысқан болатын. М.Катаев атындағы Облыстық облыстық Оқушылар сарайынан 200-ге жуық тәрбиеленуші қатысты. Біздің тәрбиеленушілер 45 бағанға бөлінген ұжымдардан, екінші болып көркемдік би шығармаларын орындады. Талантты жас музыканттар шеруде дабыл қағып, барлық әлемді бимен оятты. Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың сан түрлілігі, туындылар көркемдігінің ерекшелігі, ән айту, қозғалыс, аспаптарда ойнау, музыкалық ұжымдардың арнай тігілген киім үлгісі, мұның барлығы балалық шақ мерекесін жарқын және есте қалатындай етті. Музыкалық және шығармашылық ұжымдар шеруі аяқталғаннан кейін көрермендер үшін театрландырылған көрініс және концерттік бағдарлама әзірленді. - Бүгінгі, балалық шақтың мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. Біз бұл күнге қызу дайындалып, көп тостық. Әдемі шырқалған ән мен күй, көздің жауын алатын арнайы тігілген костюмдер, дабыл қаққан оқушылар, бұның барлығы керемет сезімге бөлейді, – дейді Оқушылар сарайы көркемөнер бөлімінің жетекшісі Ирина Карпова. Бұл шеру Елімізде бірегей өткізіліп отырған іс-шара. Шараға облыстағы 73 білім беру мекемесінің музыкалық ұжымдары қатысты. 45 бағанға бөлінген 4500 адам 34 көркемдік би шығармаларын орындады. Әр аудан мен қалалық мектептерден 100-ден аса оқушылар келді. |