Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23850810
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7560 16579 77968 23518970 162353 579883 23850810 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-12 06:22:25
|
«Арман-шоу» тәрбиеленушілері Астанада жеңіске жетті
Облыстық Оқушылар сарайы «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушілері бірінші және екінші жүлделі орындарға ие болды. Олар III-ші Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектердің шығармашылық «Салют Весны» атты байқауына қатысты. Бұл байқау Астана қаласында 2017 жылдың 29-шы сәуірден 2-ші мамырға дейін өткен болатын. Дияр Тлеубергенов, Али Шәкірт және Асель Оразалиналар 10-12 жас аралығындағы ересектер санатында өнер көрсеткен болатын. Барлық оқушылар «Вокал» номинациясына қатысып, Дияр I-ші орынды иеленсе, Али мен Әсел – II-ші орынға жайғасты. 7-9 санатында Абай Шәкірт өнер көрсетіп, Оқушылар сарайын таныстырды. Абай «Вокал» номинациясында II-ші дәрежелі дипломға ие болды. III Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектердің шығармашылық «Салют Весны» атты байқауы «Звёзды Евразии» Халықаралық шығармашылық жобасы аясында өткен болатын. Елімізде «Звёзды Евразии» атты Халықаралық шығармашылық жобасы ең ірі мәдени-қайрымдылық жобалардың бірі болып саналады. «Звёзды Евразии» Халықаралық жобасы аясында өткізіліп отырған конкурс-фестивальдер, еліміздің ең танымал сахналарында өтеді.
|














