Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15749431
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 18928 15540 18928 15471449 403794 367126 15749431 Ваш IP: 3.133.141.201
Время: 2024-12-23 23:26:00
|
Сыңғырлаған домбыраның қоңыр үні
Ағымдағы жылдың 28-ші сәуір күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас екпін» домбыра оркестрінің есеп беру концерті өтті. Қазақтың төл аспабы домбыраның сыңғырлаған асқақ үні бүкіл Оқушылар сарайына таралып, көркемөнер бөлімі ұжымдарының дәстүрге айналған есеп беру концерттерін бастап кетті. «Жас екпін» үлгілі домбыра оркестрі Оқушылар сарайында 1998 жылдан бастап мемлекеттік тілде авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, облыс көлемінде белгілі шығармашылық ұжымдарының бірі болып табылады. Әр оқу жылының соңында оркестрдің есеп концерті үйірме жетекшісі Мәди Кенжеханов пен сүйемелдеуші Қуаныш Райымбеков және ұстазы Алтын Кенжиханованың басшылығымен өткізіледі. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» демекші, қолдарына домбыра ұстаған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер сахна төрінде өнерлерін паш етті. Концертке өнер көрсетушілердің ата-аналары, Оқушылар сарайының ұстаздары және «Қаламгер» баспасөз орталығы қатысты. Қолдарына киелі домбыра ұстаған тәрбиеленушілер концертті «Тепең көк» күйімен бастап жіберді. Есеп беру концертінде «Келіншек күйі», «Ерке сылқым», Құрманғазының «Дайрабай», «Сарыарқа», Түркештің «Көңіл ашар» күйлері тамаша орындалды. Күйлер тыңдармандарды елітіп әкетіп, шебер саусақтар домбыра пернелерінде ойнақтай түсті. «Жас екпіннің» тәрбиеленушілері Арыстан Тоқсанбай Құлшардың «Кербез керік» күйімен, Ғабдурахман Ғарифолла Есбайдың «Бөгелек» күйімен, Акбар Егланбек «Кеңес» күйімен, Даниал Арынов «Шалқыма» күйлерімен қалың жұрттың алдыңа жеке өнерлерін көрсетті. - Маған ең әсерлі болып көрінген күй - «Бөгелек» күйі. Бөгелек жәндігі Есбай күйшінің мазасын алған кезде шыққан бұл ән біресе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылды. Құлаққа жағымды күйлерді тыңдай беруге даяр болдым. Сахнада әрбір орындалған күй көз алдымызға тарих оқиғаларын елестетті – деп, өз ойымен бөлісті Оқушылар сарайы «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшісі Айдана Кенжехан. - Қазақтың киелі ұлттық аспабы оқушылардың ой-өрісін дамытып, шығармашылықтарын шыңдайды, домбыра арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейміз - деді, «Жас екпін» үлгілі домбыра оркестірінің сүйемелдеушісі Қуаныш Райымбеков. Концерт соныңда оқушылар тыңдармандарға Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындап, үйірме жетекшісі Мәди Кенжеханов, Қуаныш Райымбеков және Алтын Кенжихановаларға сөз беріліп, ата-аналар болса Оқушылар сарайы «Жас екпін» үлгілі домбыра оркестірінің шебер ұстаздарына алғыстарын білдірді. |