Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18609718
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2141 16588 63038 18324797 33286 307313 18609718 Ваш IP: 216.73.216.237
Время: 2025-08-03 02:35:05
|
Биден шабыт алған «Виктория»
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі Қазан қаласынан үш номинация бойынша жеңімпаз атанып келді. Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының астанасында Ұлы Отан Соғысының 71-ші жылдығына арналған 27 сәуірден 1 мамыр аралығында VII Халықаралық «Виктория» балалар-жасөспірімдер конкурс-фестивалі өтті. Аталмыш сайысқа Ресей өңірінің Қазан, Уфа, Новосібір, Бийск, Рубцовск, Свердловск қалаларынан вокал және хореография ұжымдары қатысты. Бұл би сайысында Қазақстан елін Павлодар қаласынан Облыстық М.Катаев атындағы «Вдохновение» би ұжымы таныстырды. Фестиваль көрермендері алдыңда «Вдохновения» ұжымының кіші тобы «Балалар биі» номинациясымен және орта тобы «Эстрада биі» және «Ұлттық би» номинациясымен өнер көрсетті. Павлодарлық бишілер осы үш номинация бойынша үш рет екінші орынға ие болды. Енді біздің әртістерді алдын ала ақысыз 2017 жылы сәуір айында Қазан қаласында өтетін «От Волги до Енисея» атты II-ші Халықаралық балалар-жасөспірімдердің фестиваль-конкурсында қарсы алады.
Ансамбль жетекшілері Галина Лапухина мен Ирина Можейко «Джаз биінің негіздері» атты алты сағаттық шеберлік-сабақтың бағдарламасын өтіп, фестиваль ұйымдастырушылары атынан алғыс хаттармен марапатталды. |