Астанадан бастау алған «Әдебиет маусымы» енді Павлодарда. 14 сәуір күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 10 мектеп командаларының қатысуымен «Жайдарманның» 1/8 ойыны өтті.
Ойынға төрағалық еткен М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары - Солтанбекова Жанна Еркеновна, педагог-ұйымдастырушы – Калтаева Жанар Кайырбековна және Павлодар Жастар құрамасының өкілдері – Қоңыратбаев Олжас, Қапан Дархан, Алдашев Қасымхан.
Ойын екі сайыстан тұрды: «Сәлемдесу» және «5 әзіл». Әділ-қазылардың шешімімен барлық командалар келесі кезеңге өтті. Бірақ араларында ерекше аталып өткендер де болды. Олар: Кенжекөл құрамасы және Абай атындағы №10 лицейдің «Шыңғыстау» мен «Абайstar» командалары.