Поэзия менімен егіз бе едің?

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Күзгі демалыстың соңғы күні Оқушылар сарайында «Очарованные поэзией» атты павлодарлық оқушыларға кездесу ұйымдастырылды. Оған «Рауан» студиясы шәкірттерінен басқа №№9,13,16,27,28,34,38,39 мектептен, «Стикс» мектебінен және химия-технологиялық колледждан балалар қатысты. Алғаш болып өз өлеңдерін Акул Мадьян, Мария Мухина, Ырысты Букваева оқыды.

Литературная гостиная «Поэзии пленительные строки…»

Келесі кезекті қонақтар алды. Олардың қатарында №34 мектептен Саша Швецова, «Стикс» мектебінен Ксения Давыдова мен Лидия Саенко, №28 мектептен Жанель Мусалдаева болды. Іс-шараның ерекшелігі – шет тілде жазылған өлеңдердің оқылуы. Акул Мадьян араб тілінде, ал Ксения Гергерт жапон тілінде жазылған өлеңдерімен көпшілікті таныстырды.

Литературная гостиная «Поэзии пленительные строки…»

Бұдан кейін театр басталды. Балалар әні мен сөзі жазылған ертегілерді ойнап, іс-қимылмен оның мазмұнын жеткізді. Бір сөзбен айтқанда кездесу қызықты өтті және бұндай жиындарды жиі ұйымдастырып отыру келісілді.