![]() |
![]() |
2020 жылдың 21 қыркүйек күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Театрдың ғажайып әлемі» атты республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қашықтықтан облыстық кезеңі өтті. Фестивальға Павлодар қаласының аудандары мен мектептерінен 13 балалар театр ұжымдары қатысты.
Байқау драмалық қойылым, музыкалық қойылым, әдеби-музыкалық композиция, қуыршақ қойылымы атты номинациялар бойынша өтті. Театр ұжымдары Абай Құнанбаевтың қазақ немесе орыс тілінде әдеби шығармаларынан сахыналық қойылымдарды ортаға салды. Жас өнерпаздарды Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының актерлері бағалады.
Бас жүлдені М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Амплуа» шығармашылық студиясы иеленді.
1 орынды «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының Оқушылар үйі, «Әдеби-музыкалық» номинациясы бойынша Шарбақты ауданы «Радуга» орталығының «Жас талант» студиясы иеленді.
2 орынды «Әдеби-музыкалық спектакль» номинациясы бойынша Павлодар қаласының №28 ЖОМ-нің «Домовята» театр шеберханасы, «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша Аққулы ауданының Уахатов атындағы ЖОМ-нің «Сахна әлемі» ұжымы, «Қуыршақтар спектаклі» номинациясы бойынша Аққулы ауданының Жамбыл ЖОМ иеленді.
3 орынды «Әдеби-музыкалық спектакль» номинациясы бойынша Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің «Сөз ойдың айнасы» атты үйірмесінің актерлері иеленді.
Қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:
«Үздік сахыналық костюм» - Тереңкөл ауданының Оқушылар үйі,
«Үздік әйел рөлі» - Кошматова Балнұр, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы,
«Үздік ер адам рөлі » - Жұртбай Абай, Шарбақты ауданы, «Радуга» орталығы,
«Екінші жоспардың үздік рөлі» - Май ауданы, Аудандық оқушылар сарайы,
«Көркем сөз» - Ақсу қаласы, Балалар шығармашылық үйі,
«Үздік орындаушылық өнер» - Павлодар қаласы, №16 ЖОМ.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Амплуа» шығармашылық студиясы «Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық театр өнерінің фестиваль-конкурсында Павлодар облысының намысын қорғайды.