Әр жанұяға мейірімді жүрекпен!

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 20.11.2017 14:17
С добром в каждый дом! С добром в каждый дом!
С добром в каждый дом! С добром в каждый дом!

2017 жылдың 16 қарашасында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы аясында Оқушылар сарайының «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері мен  «Ровесник» клубының еріктілері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйіне концерттік бағдарламамен барып қайтты.

С добром в каждый дом! С добром в каждый дом!
С добром в каждый дом! С добром в каждый дом!

Концерттік бағдарлама барысында «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері ән шырқаса, «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері поппури айтты. Сахына төрінен мектеп, балалық шақ, алғашқы махаббат және Отан туралы әндер шырқалды. Көрермендер әртістерге шапалақтарын төгіп жатты. Сонымен қатар бұл күні «Ровесник» клубының еріктілері әскери әндерді шырқады.

Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұндай концерттер Сарай тәрбиеленушілерін мейірімділікке, үлкенге деген ізет-құрметке тәрбиелейді.

Концерттік бағдарламаға Оқушылар Сарайының 25 тәрбиеленушілері қатысты. Аталмыш мерекені Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйінен 62 тұрғын тамашалады.