«Bio Green» үйірмесінің тәрбиеленушілері «Жер – біздің ортақ үйіміз!» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Категория: Отдел науки и техники
Опубликовано 30.11.-0001 05:00
Воспитанники кружка «Bio Green» стали победителями  республиканском конкурсе «Земля – наш общий дом!» Воспитанники кружка «Bio Green» стали победителями республиканском конкурсе «Земля – наш общий дом!»
Воспитанники кружка «Bio Green» стали победителями  республиканском конкурсе «Земля – наш общий дом!» Воспитанники кружка «Bio Green» стали победителями республиканском конкурсе «Земля – наш общий дом!»

"Bio Green" үйірмесінің тәрбиеленушілері "Жер – біздің ортақ үйіміз!" республикалық қашықтықтан өткен байқауында 1-орынға ие болды. Байқау «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК, Астана қаласы.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды үйрету.
"Bio Green" үйірмесі "Бір емен жаңғағы – ұлы ағаш" атты экологиялық акциясын "Экоәлем" номинациясына ұсынды. "Экоәлем" номинациясы – экологиялық акциялар, мектеп жылыжайлары, оқу-тәжірибелік учаскелер, мектеп орманшылығы және экологиялық патрульдер туралы бейнероликтер байқауы.
Ерекше жетістіктері үшін үйірме тәрбиеленушілері 1-дәрежелі дипломмен марапатталса, үйірме жетекшісі кәсібилігі мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хат алды.
Жас экологтарымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және табиғатты қорғауға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!