![]() |
![]() |
2018 жылдың 23 сәуірден 19 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республикалық оқыту-әдістемелік қосымша білім беру орталығы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» республикалық интернет – байқауын өткізген болатын.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Мұрагер» клубының тәрбиеленушісі Димаш Беккожин «Память бессмертна» атты номинациясы бойынша презентация жасап 1-ші дәрежелі диплом иесі атанды. Димаш «Мұрагер» клубының жетекшісі Бахыт Сағынтайқызының бастамасымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабар-ошарсыз кеткен соғыс ардагерлері туралы танымдық презентация жасады. Бахыт Сағынтайқызы оқушысы Димашпен презентация жасау барысында Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерлер-іззерттегіштер» мұражайының кейбір материалдарымен қолданып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Бұндай жобалар оқушылардың патриоттық сана-сезімдерін қалыптасытырып, соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелейді.
Айта кетсек, Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева Білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық дебют» республикалық интернет-байқауына қатысып 3- ші жүлделі орынға ие болды.