![]() |
![]() |
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2017 жылдың 11 қыркүйек күні «Жаңғырту жағдайында жалпы білім беретін мектептердің қосымша білім беру жүйесін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары» атты педагогикалық кеңес өтті.
![]() |
![]() |
Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева білім ордасының нәтижесімен, тәрбиеленушілердің жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар сарайының бөлім меңгерушілері, қосымша білім беру педагогтары, әдіскерлері педагогикалық кеңесте сөз сөйлеп, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" Республикалық бағдарламаны талқыға салды. Аталмыш бағдарлама бойынша алдағы оқу жылына әр-түрлі жобалар, сайыстар, акциялар жоспарланып, «Тратуарная астрономия» атты іс-шара жоспарланды. 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша Білім басқарамасы атынан Г.Баубекова, М.Билая, А.Бекбулатовалар алғыс хаттармен марапатталып, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы атынан Оқуышлар сарайының «Alem Star» педагогикалық отряды алғыс хатпен марапатталды.