Қаламгерлер жеңісі

Категория: Методический отдел
Опубликовано 07.03.2017 13:45
Қаламгерлер жеңісі Қаламгерлер жеңісі
Қаламгерлер жеңісі Қаламгерлер жеңісі

Жуырда М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайы «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері  «Зияткер» қосымша білім беру республикалық оқыту әдістемелік орталығы өткізген интернет-байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Қаламгердің жас тілшісі Өсербай Серікжан журналисттерге арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты байқауында бас жүлдеге қол жеткізді. Серікжан «Қазақ елі тәуелсіз» атты шығармасымен Республика көлемінде 183 қатысушының ішінде бәйгеден озып шықты. Бұл байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, талаантты жастарды қолдау. Сонымен қатар осы орталықтың талантты жас тілшісі Камила Басынбекова «Қазақстан Ұлы дала елі» атты Республикалық интернет байқауында эссе жазудан I орынға ие болды. Камиланың шығармасының тақырыбы «Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел» деп аталды.  Аталмыш байқауға жас қаламгер Данагүл Қаббасова да қатысып, сертификатпен марапатталды. Жас тілшілер орталығының жетекшісі Әсем  Аипова жүлдегерлерді дайындаған үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Қосымша білім беру республикалық оқыту әдістемелік орталығы» атынан алғыс хатпен марапатталды.