![]() |
![]() |
Жаңа жыл — ең ғажайып, әдемі, ең жұмбақ және көңілді мереке! Желтоқсан айының басынан бастап М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы жаңа жыл мерекесіне қызу дайындықты бастайды. Сарайдың тәрбиеленушілері мен педагогтері жаңа жыл мерекесін шалқар шабытпен қарсы алды.
![]() |
![]() |
Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсан айының 23-29 аралығында Оқушылар сарайында Павлодар қаласының оқушылары үшін шырша жанында қойылымдар мен сахына үстінде жаңа жылдық спектакльдер көрсетілді.
![]() |
![]() |
Жаңа жыл - бұл балалық шақ мерекесі болғандықтан Оқушылар сарайының педаготері Сарайды жаңа жылдық әдемі әшекейлермен безендіріп, мерекеге байланысты ертегі қойылымдарын шебер ұйымдастырды. Шырша жанындағы ертегі қойылымдарын «Арман-шоу», «Калейдоскоп» және «Амплуа» театр студиялары дайындаса, көркемөнер бөлімінің барлық ән және би ұжымдары өздерінің ән шашуларын табыс етті.
![]() |
![]() |
Сарайымыздың ең кішкентай тәрбиеленушілері «Білімпаз» эстетикалық дамыту студиясы үшін «Кел, төрлет жаңа жыл» атты шырша жанында мерекелік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар Павлодар қаласыны № 26, 34 ЖОМ-нің оқушылары үшін мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды.