![]() |
![]() |
Ағымдағы жылдың маусым айында М.М.Катаев атындағы «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы Грузия еліндегі Батуми қаласында өткізіліп отырған «Море впечатлений» I Халықаралық балалар шығармашылық байқауына барып бірнеше дүркін жеңімпаз атанып келді. «Музыкальный кварталдың» тәрбиеленушілері әншілік өнерін ортаға салып келесі жүлделі орындарға қол жеткізді.
![]() |
![]() |
Батуми қаласында өткен бұл әншілердің байқауында жоғары жас ерекшелік санатында эстрадалық вокал номинациясында I-ші орынға ие болған Алиса Козолуп еді. Орта жас ерекшелік санатында Аиша Арантаева II-ші жүлделі орынға қол жеткізді. Кіші жас ерекшелік санатында кішкентай жұлдыз атанып, I-ші орынға ие болған Алина Кулбаева, ал " ЭмиЛи" дуэті кіші жас ерекшелік санатында II-ші жүлделі орынға жайғасты. Бұл дуэтте ән шырқаған Макенова Софья және Алина Кулбаевалар ән шырқады.