Оқушылар сарайының жұлдызды күні

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 06.11.2015 20:37

Звёздный день Дворца школьников Звёздный день Дворца школьников

2015 жылы 6 қарашада М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексеитова және ғарышқа үшінші рет ұшқан қазақстандық, әлемнің 545-шi ғарышкері Айдын Айымбетов болды. Келудің мақсаты Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және павлодарлық Оқушылар сарайының туған күніне байланысты Оқушылар сарайында  обсерваторияның ашылуы болып табылды.

Конақтар  Сарайдың  астрономиялық бөліміне барып, ал «Арман-шоу» театр-студиясының  тәрбиеленушісі Еркебұлан Өсербай «Антарес» клубының  астрономдары туралы айтып берді, жетекшісі – Гүлнар Баубекова.

Звёздный день Дворца школьников Звёздный день Дворца школьников

Обсерваторияның ашылуына орай, арнайы телескоп үлгілерінің көрмесі дайындалды. Оқушылар сарайының директоры Алма Ерубаева және «Антарес» клубының тәрбиеленушісі Дамир Бекбаев қонақтарға Жер шары, Әлемдік мұхиттар мен Жердің құпиялары туралы фильмдер көрсететін планетарий сферикалық кинотеатрды көрсетті.

Еуразия тобының ұжымы атынан ғарышкерге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген металлургы А.Алькенов құттықтау сөзін табыстады.

Айдын Аимбетов оқушылар Сарайының студия мен клубтарының тәрбиеленушілеріне «Жұлдызды қолтаңба» кітабында мынадай тілектер қалдырды:
- Құрметті, оқушылар! Сіздерге шығармашылық табыс, көрнекті зерттеушілер болып, өз ісінің маманы болуларыңызға тілектеспін. Сіздердің алдарыңызда ұзақ ғұмыр жатыр. Сіздерге табыс пен сәттілік тілеймін!

Звёздный день Дворца школьников Звёздный день Дворца школьников

Обсерваторияның ашылуы  оқушылар Сарайында ғылыми-техникалық бағытты дамыту аясында мүмкін болды. Бұл жобаны дамыту әлеуметтік жобаларды іске асырудағы серіктестік туралы облыстық әкімшілік пен Еуразия тобының арасындағы меморандум қолдады. Обсерваторияның қайта құрылуы және оны құрал-жабдықпен жабдықтау құны 90 млн. теңгені құрады. Монтаждық жұмыстарды Еуропадан келген мамандар жүргізді.