|
|
|
2026 жылғы 24–28 сәуір аралығында Павлодар облысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысымен жыл сайын өткізілетін «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы зерттеу және өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілік арқылы тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және қосымша біліммен қамтуды кеңейту.
Байқау жұмыстары қашықтық форматта қабылданып, іріктелді. Қорытынды кезең 24–28 сәуір аралығында өткізілді. Дәстүр бойынша байқаудың ұйымдастыру базасы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы болды. Қазылар алқасының құрамына тәжірибелі педагогтер еніп, олар республикалық кезеңге қатысатын Павлодар облысының құрама командасын анықтады.
Бағалау барысында жобалардың техникалық сипаттамалары, практикалық маңыздылығы, өзектілігі және қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеу дағдылары ескерілді.
Байқау жеңімпаздары:
Смарт-көлік және электромобильдер
1 орын – Читанава Давид, Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, жетекшісі: Қасымов Қайырбек Жұмақайырұлы
2 орын – Ткачёв Мирон, Шөкин атындағы мектеп-гимназия, жетекшісі: Курмангалиева Гүлфайруз Булатқызы
2 орын – Муфасалов Сулейман, №17 ЖОПШДО, жетекшісі: Идрисов Ердос Қаженұлы
3 орын – Манарбек Ілияс, №5 ЖОББМ, жетекшісі: Попов Илья Сергеевич
3 орын – Дәулетұлы Бауыржан, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, жетекшісі: Вазиянов Евгений Владимирович
Робототехника және автоматтандырылған жүйелер
1 орын – Асқар Асылбек, Екібастұз қаласы, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі, жетекшісі: Қалиев Мансур Масғұтович
2 орын – Амангельдинова Риза, Екібастұз қаласы, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі, жетекшісі: Қалиев Мансур Масғұтович
3 орын – Юсопов Павел, А. Байтұрсынұлы атындағы СОШИТ, жетекшісі: Классен Виталий Анатольевич
Ауыл шаруашылығы және агротехнологиялық инновациялар саласындағы техникалық құрастыру
1 орын – Коротенко Евгений, Ұзынсу ЖОББМ, Ертіс ауданы, жетекшісі: Қожмағамбетов Алтынбек Қадырбайұлы
2 орын – Айдарбек Нұрай, Майқайың №2 ЖОББМ, жетекшісі: Тыныбек Минура Абзалқызы
2 орын – Қожа Мұхаммедәли, Майқайың №2 ЖОББМ, жетекшісі: Мұқашева Гүлзат Маратқызы
3 орын – Бостандық Адахан, №23 ЖОББМ, Екібастұз қаласы, «Қайнар» ОДК, жетекшісі: Омарбаева Айкүміс Боранбайқызы
3 орын – Сарычев Игорь, №43 ЖОББМ, жетекшісі: Нүкенов Қайрат Аманжолұлы
Су көлігі және экологиялық технологиялар саласындағы техникалық құрастыру
2 орын – Отт Роман, Железин ауданы, Алакөл орта мектебі, жетекшісі: Сеитова Зайтуна Нұрмұхамбетқызы
3 орын – Темірғали Әмір, Майқайың №2 ЖОББМ, жетекшісі: Рахимжанова Құндыз Ғабдулрашидқызы
3 орын – Әбілдинова Дарья, Екібастұз қаласы, «Қайнар» ОДК, жетекшісі: Айдарханова Айымгүл Бақытбекқызы
Авиация және дрон-технологиялар саласындағы техникалық құрастыру
1 орын – Кудрявцев Кирилл, Балалар техникалық мектебі, жетекшісі: Соц Сергей Федорович
2 орын – Рощенко Матвей, Шөкин атындағы мектеп-гимназия, жетекшісі: Жалелов Мұталап Қапышевич
Ғарыш және аэроғарыштық инновациялар саласындағы техникалық құрастыру
1 орын – Балашова Екатерина, Дарынды балаларға арналған №3 гимназия, жетекшісі: Брус Татьяна Михайловна
2 орын – Айсұлтан Ерғалиев, Ақтоғай ауданы, Абай атындағы ЖОББМ, жетекшісі: Әлімов Райымбек Темірболатұлы
Құрылыс және смарт-инфрақұрылым саласындағы техникалық құрастыру
1 орын – Бауыржан Қайсар, «Жас Дарын» мектеп-лицейі, жетекшісі: Шайхимова Айым Мұратқызы
2 орын – Қазақпай Нұрсұлтан, Ақтоғай ауданы, Абай атындағы ЖОББМ, жетекшісі: Әукебай Ғалым
3 орын – Игберлинова Даяна, Ұзынсу ЖОББМ, жетекшісі: Литвинова Нина Николаевна
«Үздік инновациялық рационализаторлық бастама» жобасы
1 орын – Фесик Кирилл, №11 ЖОББМ, жетекшісі: Мальцева Елена Александровна
2 орын – Агинтаев Адиль, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, жетекшісі: Сүлейманова Анна Викторовна
2 орын – Мұқушев Мақсат, Ұзынсу ЖОББМ, жетекшісі: Қожмағамбетов Алтынбек Қадырбайұлы
3 орын – Сериков Рамазан, Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған гимназия, Ақсу қаласы, жетекшісі: Атик Бибігүл Васильевна
3 орын – Арынов Мейіржан, Кенжекөл ЖОББМ, жетекшісі: Оқан Нұрхат Жанатұлы
І орын иегерлері Павлодар облысының құрама командасы құрамында республикалық кезеңде өнер көрсетеді. Құттықтаймыз!