![]() |
![]() |
М.М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайында жаңа оқу жылының ашылуына және Отбасы күніне арналған Ertis Promenad сахнасындағы интерактив барысында берілген уәде орындалды. Сол шараның жеңімпаздары мен қатысушылары астроклуб «Антарес» қызметімен жақынырақ танысу үшін обсерваторияға шақырылды.
Балалар мен ата-аналар қызықты экскурсияға қатысып, телескоп арқылы аспан денелерін бақылап, Планетарийдегі сеансты тамашалады. Көптеген қонақтар үшін бұл алғашқы сапар ерекше әсер қалдырды - жұлдызды аспанды бақылау балалар мен ата-аналардың ортақ қызығушылығына айналды.
- «Біз өз уәдемізді орындадық - Ertis Promenad сахнасында өткен интерактивтің жеңімпаздары мен қатысушыларын обсерваторияға шақырдық. Балалар тамаша әсер алды, ал біз — ізденімпаз, қызығушылығы жоғары отбасылармен кездескенімізге қуаныштымыз. Бұл кездесу жаңа жаңалықтардың бастауы болсын!» — деп атап өтті астроклуб педагогі Гүлнар Баубекова.
Кездесу жылы әсермен аяқталып, қонақтар астрономия әлемінің қызықты сырларына қадам басты.