![]() |
![]() |
2025 жылғы 29 мамырда М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Оразбаева А.А. облыстық «Қамқор» жобасының қорытындысы бойынша вебинар ұйымдастырды. Вебинар Zoom платформасында өтті. Шараға Павлодар облысы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жобаға жауапты қалалық және аудандық үйлестірушілер, сынып жетекшілері қатысты.
Спикер ретінде «Ашық жүректер» қорының өкілі — Оспанова Мира Макеновна шақырылды. Ол «Жақсылық жаса» акциясының белсенді қатысушыларын марапаттау жөніндегі қордың бастамасы туралы айтып берді. Қатысу шарттарын еске салып, ізгі істердің маңыздылығын атап өтті және қайырымдылыққа бағытталған қаражат жөнінде ақпарат ұсынды.
Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
«Қамқор» жобасы аясында өткізілген экологиялық іс-шаралардың қорытындылары;
«Жақсылық жаса» облыстық акциясының нәтижелері;
Қатысушылар ұсынған үздік жұмыстарға шолу;
Келесі оқу жылында жобаны жетілдіру бойынша қатысушылардың кері байланысы мен ұсыныстары;
Жобада жеңіске жетуге ықпал ететін тиімді форматта акциялар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.
Вебинар Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 67 педагогті біріктірді. Қатысушылар ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын, талқыланған тақырыптардың өзектілігін, іс-шараның қызықты әрі мазмұнды форматын атап өтіп, жаңа оқу жылында экологиялық іс-шараларды жоспарлау кезінде бұл тәжірибені қолдануға ниетті екендерін білдірді.