![]() |
![]() |
2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың мамырына дейін М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Қамқор» атты облыстық жобаны жүзеге асырды. Жобаға 4599 оқушы қатысты. Жобаның мақсаты – Павлодар облысының өсіп келе жатқан ұрпағы арасында экологиялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру.
Жобаның құрылымы үш негізгі бағытты қамтыды: «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы, «Жер сағаты» акциясы және «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» және «Жер сағаты» акциялары аясында мектептерде экологиялық бағыттағы конкурстар өткізілді. Мектептік кезеңнің жеңімпаздары облыстық турға жолдама алды.
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясындағы облыстық байқаудың жеңімпаздары:
I орын – «ECO-JAS» командасы, Жаңақалинка ОМ, Павлодар ауданы;
II орын – «Экокласс - 5 «В» командасы, А.Н. Ёлгин атындағы №1 ОМ, Тереңкөл ауданы;
III орын – «Жас белсенділер» командасы, Павлодар қаласының №7 мектеп-интернаты.
«Жер сағаты» акциясы аясындағы облыстық байқаудың жеңімпаздары:
I орын – Антоникова Вероника, 5-сынып оқушысы, №1 ОМ, Железинка ауданы;
II орын – Зоммер Никита, 3-сынып оқушысы, №23 ОМ, Екібастұз қаласы;
III орын – 3 «Б» сыныбы, Мичурин ОМ, Павлодар ауданы;
III орын – Бахмет Максим, 6-сынып оқушысы, Ефремов ОМ, Павлодар ауданы.
Дипломдар мектептің электрондық поштасына жіберіледі.