![]() |
![]() |
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлімі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «SMART BALA» жобасының «Startup» облыстық қашықтықтан өткізілген байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың стартап-жобаларын дамыту, инновациялар мен технологиялар арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету.
Байқауға Павлодар облысының білім беру ұйымдарынан 11-17 жас аралығындағы 47 оқушы қатысты.
Қатысушылар екі жас санатына бөлінді:
▪ Орта жас категориясы: 11-13 жас;
▪ Жоғары жас категориясы: 14-17 жас.
Байқау нәтижелері
Орта жас категориясы (11-13 жас):
1 орын – Темербаева Аиша (Железин ауданы, №1 ЖОББМ)
2 орын – Болат Мансур (Ертіс ауданы, Ұзынсу ЖОББМ)
3 орын – Жұмажанова Лаура (Аққулы ауданы, Тлектес ЖОББМ)
3 орын – Гусарова Милана (Успен ауданы, Павлов ЖОББМ)
Жоғары жас категориясы (14-17 жас):
1 орын – Саъдиева Гүлдаста (Железин ауданы, №2 ЖОББМ)
2 орын – Молдахметов Жасұлан (Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернаты, Екібастұз қаласы)
3 орын – Тлектес Ұлпан (Ертіс ауданы, М.Горький ЖОББМ)
3 орын – Нұрғазы Нұрмұхаммед (Аққулы ауданы, Тлектес ЖОББМ)
Жеңімпаздардың дипломдары байқауға жіберілген өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!