«Көк тудың желбірегені»

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

«Көк тудың желбірегені» «Көк тудың желбірегені»

Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындары қарсанында 6 ақпан күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ғылым мен техника бөлімінің қазақ және ағалшын тілінің педагогтері ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені» атты бұқаралық шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты - әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ХХІІ Қысқы Олимпиада жөнінде балаларға кеңірек ақпарат беру және жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға насихаттау болатын.

«Көк тудың желбірегені» «Көк тудың желбірегені»

Балалар видеосюжеттер арқылы Олимпиаданың символдарымен, олардың әрқайсысының нені білдіретіні туралы, сонымен бірге олимпиада ойындарының шығу тегімен тереңірек танысты. Сабақ соңында Сочидағы ХХІІ Қысқы Олимпиадада еліміздің намысын қорғайтын атақты жерлестеріміз А.Пантов, Д.Усанова, А.Шевченко, А.Полтаранин жөнінде көлемді ақпарат берілді. Шара патриоттық әнмен, жерлестерімізге сәттілік тілеумен аяқталды.