Жас конструкторлардың жеңісі

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Победа юных конструкторов Победа юных конструкторов
Победа юных конструкторов Победа юных конструкторов

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 10 наурызда «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа 71 команда құрамында 142 оқушы қатысты.

Победа юных конструкторов Победа юных конструкторов 


Біздің Оқушылар сарайының робототехника клубының тәрбиеленушілері Турганбекова Зарина және Аманболова Амина «Биатлон» кіші санатында ІІ-ші орынға қол жеткізді. Крикунов Кирилл және Ашкен Медеу «Лабиринт» санатында ІІ-ші орынды иеленді.
-    Байқаудың басты мақсаты - Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын дәріптеу, роботтарды жобалау және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, - деді клуб жетекшісі Кайрат Солтаналинов.