«KazRoboSport-2022» Республикалық робототехника чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Поздравляем победителей Республиканского Чемпионата «KazRoboSport-2022» Поздравляем победителей Республиканского Чемпионата «KazRoboSport-2022»
Поздравляем победителей Республиканского Чемпионата «KazRoboSport-2022» Поздравляем победителей Республиканского Чемпионата «KazRoboSport-2022»

Мектеп демалысы күндері елордада "KazRoboSport-2022"спорттық робототехника чемпионатының республикалық финалы өтті.

 

Чемпионат 2016 жылдан бастап жыл сайын тұрақты негізде өткізіліп келеді.  Биылғы іс шарада 17 өңірден 131 оқушы қатысты.
Іс - шараны ұйымдастырушы - "КазРоботикс "қазақстандық спорттық және білім беру робототехника федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі. Чемпионаттың екі санаты (робо-сумо және робо-биатлон) бойынша көктемде жарыстың өңірлік іріктеу кезеңдерінде бірінші орындарға ие болған оқушылар облыстардың құрама команда түрінде бірігіп Республикалық деңгейінде күштерін сынады.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының робототехника клубының тәрбиеленушілері Зарина Турганбекова мен Амина Аманболова «Биатлон» санатында жарысқа қатысып (10-14 жас) 1 жүлделі орынға ие болды.  
Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Қазақстанның спорттық және білім беру робототехникасы KazRobotics федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
«KazRoboSport» чемпионатына мектептердің барлық түрлерінен, колледждер мен жоғары оқу орындардан, робототехника мектептерінен, техникалық шығармашылық орталықтарынан, жас техниктер станцияларынан қатысқан болатын. Ауыл мектептерінің оқушылары мамандандырылған лицейлер мен НЗМ оқушылары да бақ сынасты.

-    Біздің оқушылар жоғары дәрежеде білімдерін көрсете білді. Мен өз тәрбиеленушілерімді мақтан тұтамын. Біз Оқушылар сарайына, Назарбаев Университетіне, Астана IT университетіне, Alem бағдарламалау мектебіне бардық, -деді робототехника клубының жетекшісі Кайрат Солтаналинов.