Оқушылар сарайында жобалық қызмет туралы айтылды

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
О проектной деятельности говорили на вебинаре во Дворце школьников О проектной деятельности говорили на вебинаре во Дворце школьников
 

2022 жылдың 28 қазанында Оқушылар сарайында Павлодар облысы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім беру ұйымдары үйірмелерінің басшылары, облыстық «Экобум» пилоттық жобасының үйлестірушілері үшін «Жобалар әдісі: жобалық қызметті ұйымдастыру» атты облыстық вебинар өтті.

О проектной деятельности говорили на вебинаре во Дворце школьников  О проектной деятельности говорили на вебинаре во Дворце школьников  

 

"Ертіс дарыны" РОӘОҚББ ғылыми-педагогикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Абаильдинова оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен нысандары туралы айтып берді.
Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлімінің меңгерушісі Айтжамал Жумажанова техникалық шеберлік бойынша жобаларға қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеу туралы айтып, оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды, облыс оқушылары қатыса алатын облыстық жобалардың мерзімдері мен кезеңдері, жобалау жұмысының құрылымы мен ресімделуі туралы толық ақпарат берді.
Оқушылар сарайының әдіскері Айгерим Оразбаева, «ЭКОboom» жобасының үйлестірушісі 2022-2023оқу жылының жаңа облыстық жобалары туралы айтып өтті.
Спикерлер вебинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.