«Scratch» ортасында анимацияға арналған облыстық байқау

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 08.01.2021 11:25
Областной конкурс анимации в среде Scratch Областной конкурс анимации в среде Scratch
Областной конкурс анимации в среде Scratch Областной конкурс анимации в среде Scratch

2020 жылдың 19-31 желтоқсан күндері М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жаңа жыл тарихы» атты Scratch ортасында анимацияға арналған облыстық байқау өтті. Аталмыш байқауға Павлодар облысының оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысты. Әр қатысушы тақырыпқа өзінің көзқарасын көрсетті, барлық жұмыстар ерекше және қызықты болып шықты. Жеңімпаздар кіші және үлкен жастағы топтардың қатысушылары арасында анықталды.

Кіші жас ерекшелік санатында жеңімпаздар атанған: Фабрициус Вера - 1 орын, Дерунов Илья – 2 орын және Стенин Назарий - 3 орын.

Жоғары жас ерекшелік санатында: Сайтмуллин Султан – 1 орын, Чечеваткина Софья - 2 орын және Балганиров Мирас - 3 орын. Конкурстың басқа белсенді қатысушылары сертификаттарға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қысқы демалыстарын жақсы өткізуге тілектеспіз!