Робототехника фестиваліндегі жеңіс

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 10.10.2017 09:36
Победа на фестивале робототехники Победа на фестивале робототехники
Победа на фестивале робототехники Победа на фестивале робототехники

М.Катаев атындағы облыстық Оқуышлар сарайының робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері  «KazRobotics 2017» атты Халықаралық робо-фестивалінде жүлделі орынға ие болды.

Победа на фестивале робототехники Победа на фестивале робототехники
Победа на фестивале робототехники Победа на фестивале робототехники

Халықаралық робо-фестивалі Ақтөбе қаласында 6-7 қазан аралығында өткен болатын. Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары Женя Потапов пен Елнұр Елтай Павлодар облысының құрамасында болып, «кегельринг-квадро» санатында үшінші орынға қол жеткізді.

Жас инжинерлер үшін аталмыш шараны ұйымдастырып отырған «KazRobotics» Қазақстан білім және спорт робототехника федерациясы еді.

- 19 мамыр күні, Павлодар қаласында өткен іріктеу кезеңінде Женя мен Ернұр өз санаттарында жеңімпаз атанған болатын. Бұл жеңіс арқылы олар облысымызды Халықаралық деңгейде таныстырды, - деп түйіндеді робототехника үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов.