Оқушылар сарайының астрофизигі Республикамызда үздік атанды

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 21.04.2017 10:00
Юный астрофизик Дворца лучший в Республике Юный астрофизик Дворца лучший в Республике
Юный астрофизик Дворца лучший в Республике Юный астрофизик Дворца лучший в Республике

2017 жылдың 16 сәуірінде Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында,  «Бөбек» орталығының 20-жылдығына орай ғылыми жарыс өткізілген болатын. Оқушылардың ғылыми жарысы атақты ғалым Тукен Омаров атымен аталған, ол В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институтында ғылыми жұмысын іске асырып, лаборант қызыметінен  ҚР Ұлттық ғылым академиясында академик болып жұмыс атқарған.

Юный астрофизик Дворца лучший в Республике Юный астрофизик Дворца лучший в Республике
Юный астрофизик Дворца лучший в Республике Юный астрофизик Дворца лучший в Республике

Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың астрономия, ғарыш физикасы саласы бойынша білімдерін нығайту және олардың халықаралық астрономиялық олимпиадалар және сайыстар мен турнирлерге қатысуға дайындау.  Жарыс 11 жыл қатарынан өткізіліп отыр.  Оқушылар сарайының «Антарес»  астрономиялық клубы екі жыл бойы жырысқа қатысып келеді. М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономия клубының тәрбиеленушісі Қайырдолда Диас астрономия және ғарыш физикасы бойынша Республикалық олимпиадасында I-ші орынға қол жеткізді. Аталмыш олимпиада 2 тур  бойынша өтті. Бірінші тур – теориялық, астрофизика саласынан бірқатар есептерді қамтыды. Екінші тур – практикалық, бақылау астрономиясы бойынша өтіп,жұлдызды аспан аясында болды.

2017 жылыдың күз айында астрономиядан өтетін халықаралық олимпиадаға  жас астроном Диастың қатысу мүмкіндігі бар.  «Антарес» клубының жас астрономшылары  мен олардың жетекшісі  Гүлнар Баубековаға болашақта өтетін Халықаралық астрономиялық жарыстарда тек сәттілік тілейміз.