«Антарес» клубының тәрбиеленушісі спутниктің ұшу траекториясын анықтады

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 09.11.2016 14:57
Воспитанник клуба «Антарес» рассчитал траекторию полёта спутника Воспитанник клуба «Антарес» рассчитал траекторию полёта спутника
Воспитанник клуба «Антарес» рассчитал траекторию полёта спутника Воспитанник клуба «Антарес» рассчитал траекторию полёта спутника

«Антарес» астрономия клубының тәрбиеленушісі Қобланды Еренғайып «Зерде» зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалардың іріктеу кезеңінде М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайын таныстырды. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың облыстық жобасы Павлодар қаласының №25 мектебінде, 1-7 сыныптары үшін 4-ші қараша күні өткізілді.

Қобланды Еренғайып «физика және техника» секциясында «Расчёт траектории полёта геостационарного спутника» атты шығармашылық жобасымен III-ші орынға ілікті. Ендігі кезекте жас ғалым, облыстық кезеңнің басқа да жеңімпаздармен Павлодар облысының атын Республикалық жарыстарда қорғайды.

- Оқушылар сарайының материалдық-техникалық базасын қаланың басқа да мектептері өзінің жобалары үшін пайдалана алады, - дейді «Антарес» астрономия клубының жетекшісі.

«Экомир» шағын-хайуанаттар бағында «Коронадо» сәулелі телескопты пайдаланып, «Влияние Солнца на живые организмы» атты ғылыми жұмыс жүргізілді. Бұл жұмысты Павлодар қаласы №3 дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушысы Айжан Тусупова көрсете білді. Бұл жоба «биология және химия» секциясында II-ші орынға қол жеткізді.