Сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерінің көрмесі

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 15.09.2015 16:11

Выставка декоративно-прикладного творчества Выставка декоративно-прикладного творчества

2015 жылдың 15 қыркүйегінде Оқушылар сарайында бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерінің «Сәлем,Сарай» атты көрмесі ашылды.

Выставка декоративно-прикладного творчества Выставка декоративно-прикладного творчества

 

Оқушылар сарайының 116 кабинетінде орналасқан жаңадан ашылған демонстрация залында 15 техникада жасалған, 103 жұмыс түрлері балалар назарына ұсынылды. Жұмсақ ойыншықтар, көркем суреттер, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар осылардың бәрі - эстетика бөлімінің тәрбиеленуішілерінің он саусақтарынан жасалған өнерлері. Көрме сөрелерінде қолдан жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған жұмыстар, табиғи материалдан жасалған коллаждар мен аппликациялар, квиллинг т.б. әдемі заттарды көруге болады. Аталмыш көрмеде тоқу, тігу, кесте тоқу, тігін бұйымдары мен бас киімдер техникасында жасалған жұмыс топтамасын тамашалауға болады.

Көрменің тұсаукесеріне 100-ден астам балалар қатысты.