Павлодарлық жас дарын халықаралық байқауда топ жарды

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Павлодарская юная талантливая мастерица покорила международный конкурс Павлодарская юная талантливая мастерица покорила международный конкурс
Павлодарская юная талантливая мастерица покорила международный конкурс Павлодарская юная талантливая мастерица покорила международный конкурс

Астанада өткен Халықаралық «Aлаш Star» көпжанрлы өнер байқауында Павлодардың атын тағы бір талантты жас биікке көтерді!

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» қолөнер студиясының дарынды тәрбиеленушісі Әбубәкір Айзере Азаматқызы «Қолөнер» номинациясы бойынша ерекше өнер көрсетіп, ALASH STAR өнер орталығының кубогын және Бас жүлдені жеңіп алды!   
Бұл жеңіс – тек Айзеренің ғана емес, оның шығармашылық шеберлігін шыңдаған ұстазы Жагслах Дауирбек Жаксылыковнаның да еңбегінің жемісі. Ұлағатты жетекші ALASH STAR байқауының Құрмет грамотасымен марапатталды.