|
|
|
2021 жылдың 17 - 31 наурыз күндері Оқушылар сарайында мектеп, колледж және қосымша білім беру ұйымдары үшін «Наурыз мейрамы» атты шаштараз өнері бойынша облыстық онлайн конкурсы өтті.
|
|
|
Конкурс жұмыстарының фотолары келесі номинациялар бойынша ұсынылды:
- шаш үлгілерін және ұлттық зергерлік бұйымдарды қолдана отырып өру; (шашбау, ұлттық өрнектермен өру)
- қол немесе бет жүзінде аквагримм салу (орнамент, сюжеттік бейнелер).
|
|
|
Ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде жұмыс орындау сапасы мен көркемдік деңгейі, өзіндік ерекшелігі, стильдік, қиялдық шешімдердің бірлігі ескерілді.
Жеңімпаздар дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.